«Алтын Орда және Ясауи мұрасы» | Жамбыл Артықбаев
«Алтын Орда және Ясауи мұрасы» | Тарихшы Жамбыл Артықбаевпен сұхбат Бұл шығарылымда тарих ғылымының докторы, профессор Жамбыл Артықбаевпен Алтын Орда тарихы, Қазақ хандығының тарихи тамыры және Ясауи мұрасының сабақтастығы туралы кең көлемде әңгімелестік. Сұхбат барысында тарихшы Алтын Орда дәуірінің қазақ халқы үшін маңыздылығына арнайы тоқталып, бұл тақырыпқа ұстазы Әлкей Марғұланның ерекше жоғары баға бергенін атап өтті. Сондай-ақ Ә.Марғұланға дейін Шоқан Уәлихановтың Алтын Орда дәуіріне айрықша көңіл бөлгенін айтты. Жамбыл Артықбаевтың пікірінше, қазақ халқын Алтын Ордамен байланыстыратын бірнеше маңызды бағыт бар. Олардың әрқайсысына жеке ғылыми монография арнауға болады. 🔹 Саяси сабақтастық – Алтын Орда мен қазақ мемлекеттілігін байланыстыратын негізгі бағыттардың бірі. 🔹 Эпикалық мұра – Алтын Орда дәуірінің тарихи жырлары мен қазақтың ауыз әдебиетіндегі сабақтастық. 🔹 Әдеби байланыс – Сайф Сарайдың «Гүлстаны», Хорезмидің «Мұхаббатнамесі», Өтеміс қажының «Шыңғыснамесі» секілді жазба мұралардың бүгінгі ғылыми айналымдағы маңызы. 🔹 Ясауи ілімі, Ясауи мектебі және Ясауи өрнегі – Алтын Орда мен қазақ халқын жалғастырып тұрған аса маңызды рухани арна. Сұхбатта Ясауи ілімінің кеңестік кезеңге дейінгі жалғастығы, тарихшының нағашы атасының Ясауи жолын ұстанғаны және бұл мұраның бүгінгі қоғам үшін маңызы туралы да сөз болды. Алтын Орда – қазақ тарихының қайнарларының бірі ме? Ясауи ілімі Алтын Ордадан қазақ руханиятына қалай жалғасты? Қазақтың саяси, әдеби және рухани тарихындағы бұл сабақтастықтың мәні неде? Осы және басқа да маңызды сұрақтардың жауабын сұхбаттан көре аласыздар. 📌 Сұхбатты толық көріп, пікірлеріңізді қалдырыңыздар! #АлтынОрда #ЯсауиМұрасы #ЖамбылАртықбаев #ЯсауиІлімі #ҚазақТарихы #ҚазақХандығы #Тарих #ҰлттыңҰстыны
Название:
«Алтын Орда және Ясауи мұрасы» | Жамбыл Артықбаев
Категория:
Разное