КІТАП ЖАЗУ немесе УАҒЫЗ АЙТУ оңай ма? • Елдос Жұмаділдә | Ержан Бақытжанов | Жасұлан Әбдрахман
Ассалаумағалейкум, қадірлі тыңдарман қауым! Алланың қалауымен «Жұма подкастының» кезекті жаңа шығарылымы назарларыңызға ұсынылады! Бұл жолы подкаст қасиетті Маңғыстау өңіріндегі ерекше табиғатымен танымал Айрақты тауының баурайында түсірілді. Табиғаттың тыныштығы мен кең даланың көркем көрінісі сұхбатқа ерекше рухани атмосфера сыйлап, айтылған ойлардың әсерін тереңдете түсті. Бұл шығарылымның қонағы — Ержан ұстаз. Сұхбат барысында кітап жазудың маңызы, кітап оқудың мәдениеті, білімге деген құштарлық және бүгінгі қоғамдағы оқу дәстүрін қалыптастыру жайлы кеңінен әңгіме өрбіді. Сонымен қатар офлайн форматтағы подкасттардың берері, адамдармен жүзбе-жүз кездесудің құндылығы және рухани ізденістің маңызы да сөз болды. Бұл — киелі Маңғыстау жерінде түсірілген үшінші подкаст. Әр шығарылымда өңірдің ерекше табиғаты мен рухани тынысын көрерменге жеткізуді мақсат еттік. Пайдалы ойға, терең тағылымға толы бұл сұхбат сізге де рухани серпіліс сыйлайды деп сенеміз. Көріп, пікір қалдырып, арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар! Алла Тағала баршамызға пайдалы білім, ізгі амал және көркем мінез нәсіп етсін! Ержан ұстаздың СЫНАҚ атты туындысына тапсырыс беру үшін: https://l.kaspi.kz/shop/GMs5RRtM6PVBRgx?sessionId=a95d8191-7baa-4270-99b3-620b6bca079f1785163831 00:00 Кіріспе 02:07 Ержан ұстаздың жаңа кітабымен құттықтау 02:50 Кітап жазу қиын ба, әлде уағыз айту қиын ба? 05:36 Ислам тарихында кітап қалай жазылды? 08:20 Құраншылар (хадисті жоққа шығарушылар) туралы 10:12 Ислам үмбетінің ең үлкен ерекшелігі – Иснад (тізбек) 12:15 Үйде кітапхана жинаудың бала тәрбиесіне әсері 15:31 Кітаптың уағыздан артықшылығы неде? 20:20 Мұхаммед Ғазали мен Египеттегі "Аль-Ахрам" газеті 23:22 Имам Нәуәуи кітаптарының кереметі және қадірі 27:14 Тәңіршілдер мен дінсіздерге неге жауап бермейміз? 31:08 Парыз намазын оқымай, Таһажуд оқуға бола ма? 36:59 Құлшылықта қалай тұрақты (табанды) боламыз? Риядан сақтану 44:25 Басыңа іс түскенде ғана Құдайды еске алу 49:54 Бала тәрбиесіндегі әділдік. Балалардың арасын бөлмеу 56:43 Құрандағы қиссалардың (оқиғалардың) басты мақсаты не? 01:01:17 Зәкәрия пайғамбардың дұғасынан қандай ғибрат аламыз? 01:03:38 Ақидаға қайшы келетін жалған қиссалар (Жүсіп, Аюб пайғамбарлар) 01:07:36 Қорытынды тілек. Подкасттың соңы ZHUMA PODCAST жобасын қолдау үшін: https://pay.kaspi.kz/pay/l1ky3c67
Название:
КІТАП ЖАЗУ немесе УАҒЫЗ АЙТУ оңай ма? • Елдос Жұмаділдә | Ержан Бақытжанов | Жасұлан Әбдрахман
Категория:
Разное