«Самұрық Қазына» шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік беретін электронды дүкенді іске қосты

11 подписчиков

12+
12+

2 дня назад

ПожаловатьсяНарушение авторских прав

11 подписчиков

12+
12+

2 дня назад

ПожаловатьсяНарушение авторских прав
12+
12+

2 дня назад

«Самұрық-Қазына» қоры шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік беретін Skstore.kz электронды дүкенін іске қосты. Кәсіпкерлер үшін онлайн платформада сатып алудың жаңа әдістері енгізілді. Енді жаңа ресурс арқылы тауарларды сатып алу және жеткізу барынша жеңіл әрі тиімді болмақ. Алғашқылардың бірі болып тіркелген кәсіпкер Данияр Бектұрсынов электронды платформа үлкен мүмкіндіктерге жол ашады дейді. Оның фирмасы ұйымдарға құрылыс материалдарын жеткізеді. Қазақстанның әр түкпіріндегі шағын және орта бизнес өкілдері тауарларды дүкеннен онлайн рәсімдей алады. ДАНИЯР БЕКТҰРСЫНОВ, «НҰРСАТ+» ЖШС бас директоры: – Бұл сату процесі мүмкіндігінше оңтайландырылған және көп уақытты қажет етпейді. Мұның бәрі біздің дүкенмен бір ғана интеграция болды. Жаңарту толығымен автоматты түрде жүзеге асырылады және адам ресурстарын қажет етпейді және біздің тауарлар туралы ақпарат үнемі сайтқа жүктеледі. "Қазклауд" ЖШС мамандары іске қосқан электронды дүкен шағын бизнеске сатылымды арттыруға мүмкіндік береді. Ал кәсіпкерлер үшін тауарларды сатып алу процесі жеңілдейді. Бұрын электронды дүкен арқылы тауарды рәсімдеуге 1 айдан аса уақыт кететін. Ал, қазір 5 тәулікке дейін тауарды таңдап, келісімшарт жасауға және тауарды жеткізуге мүмкіндік бар. АНАР МАҒЗУМОВА, «QAZCLOUD» ЖШС PR менеджері: – Қазіргі таңда 6 категорияға байланысты тауарлар бар бұл дүкенде. Олардың ішінде құрылыс заттары, кеңсе заттары, офистік техника, басқа да заттар, қазір электронды дүкеннің арқасында сіз Қазақстанның әрбір аймағына, әрбір түкпіріне дейін қызметтеріңізді сата аласыз. Қазіргі таңда дүкенде 6 мыңға жуық тауар бар. 44 миллион теңгеден астам сомаға 100-ге жуық бизнес иелері электронды дүкенмен келісімшарт жасасқан. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured/featured WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Название:

«Самұрық Қазына» шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік беретін электронды дүкенді іске қосты

Категория:

Разное