Жаңа Конституция — Әділетті Қазақстанның берік негізі! 🇰🇿
Бұл бейнеролик әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) Дизайн факультетінің 5-курс студенті Көркем Сүгірбаеваның дипломдық жұмысы аясында әзірленді. Жоба жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясын елдің тарихи сабақтастығы, ұлттық құндылықтары мен болашаққа деген ұмтылысының символы ретінде көрсетуге бағытталған. Роликте ескі және жаңартылған Конституция арасындағы байланыс, уақыт пен ұрпақ сабақтастығы, білім, ғылым және заманауи Қазақстанның дамуы көркем визуалдар арқылы бейнеленеді. Басты идея – өткеннен қуат алып, болашаққа сеніммен қадам басатын Әділетті Қазақстанды көрсету. 🎓 Дипломдық жоба Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дизайн факультеті, 5-курс 👩🎨 Автор: Көркем Сүгірбаева 👨🏫 Ғылыми жетекші: Бейсен Серікбай 🤖 Жоба барысында жасанды интеллект құралдары қолданылды: ChatGPT, Higgsfield, Claude, ElevenLabs.
Название:
Жаңа Конституция — Әділетті Қазақстанның берік негізі! 🇰🇿
Категория:
Разное