Бөкей ордасы тарихи-музей кешені

24 подписчика

12+
12+

3 просмотра

21 день назад

ПожаловатьсяНарушение авторских прав

24 подписчика

12+
12+

3 просмотра

21 день назад

ПожаловатьсяНарушение авторских прав
12+
12+

3 просмотра

21 день назад

«Бөкей ордасы» тарихи-музейлік кешені Орда ауылының Жәңгір хан көшесінде орналасқан. Тарихи музейлік кешен ХІХ ғасырда салынған. Кешен 1828 жылы салынған Хан Сарайы, 1867 жылы ашылған «Казначейчество», 1868 жылы ашылған Тарғын учаскелік мектебі, 1883 жылы ашылған қыздар мектебі сынды тарихи-архитектуралық ғимаратарынан және 1835 жылы салынған хан мешітінің негізінде қалпына келтірілген мешіт ғимаратынан тұрады. 1962 жылы Орда тарихи-революциялық музейі қоғамдық негізде болып құрылған. 1967 жылы мемлекеттік Орда тарихи-революциялық музейі болып құрылды. Музейді ұйымдастырған алғашқы директор - А.Ю.Тажетдинов. Көпшіліктің қалауымен 1997 жылы Бөкей ордасы тарихи-музей кешені болып өзгерді. «Казначейство» ғимаратында негізінен Бөкей ордасының 200 жылдық тарихи бейнеленсе, «Хан мешіті» ғимараты Тәуелсіздік тарихына, «Хан Сарайы» ғимараты хан Жәңгірдің жеке өмірі мен қызметіне және қару-жарақ палатасы тарихына арналған. «Хан Сарайыны»ң сақталмай қалған негізгі бөлігі қазіргі кезде «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес қайта қалпына келтірілуде.

Название:

Бөкей ордасы тарихи-музей кешені

Категория:

Разное