Асық ату - ұлттық құндылық
Ұлттық спорт түрлерінің ішінен асық ату және бес асық ойындары бүгінде өңірімізде қанатын кеңінен жаюда. Өзіндік ережелерімен ерекшеленетін спорттың бұл түрінен жерлестеріміз облыстық сайыстарға қатысып, жүлделерге де ие болып жүрген жайы бар. Белгілі бір салмақ дәрежелері мен жас ерекшеліктеріне бөлінбейтін бұл ұлттық спорт балаларды жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Осыған сәйкес, қазіргі таңда кең ауқымда қолға алына бастаған асық ату және бес асық ойындарынан арнайы чемпионаттары ұйымдастырылып тұрады. Сондай сайыстардың бірі ақпан айында Көкшетау қаласында өткізілді. Бұл жарыстан жерлестеріміз жалпы командалық 3-ші орынға ие болған. Ал асық ату ойындарына жастайынан қызығатын Талғат Тоқтаулова бүгінде 10-шы сынып оқушысы. Жоғарыда айтылған сайысқа ол да қатысып, жүлделі 3-ші орынмен оралған. Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында қазіргі таңда мектептерде арнайы асық ату ойындарының үйірмелері бар. Мұнда балаларға ертеден келе жатқан ойынның қыр-сырын ұғындырып, олардың бойында шапшаңдық және мергендік сынды қасиеттерді тәрбиелеуде. Асық ату ойындары көп жағдайлар ер балаларға арналған болса, бес асық ойыны қыздар арасында өткізіледі. Айтулы спорт түрінің берер пайдасы да жетерлік. Соңғы бірнеше жыл ішінде кең көлемде қолға алына бастаған дәл осы ұлттық спорт түрлерінің дамытудың маңызы орасан. Себебі ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпақтың бойына дәріптеу арқылы, тарихи болымызды сақтай саламыз. Осы орайда қаламыздың спортшыларының бағындырар белестерінің алда екеніне сенім білдірейік. Айта кеткен жөн, алдағы уақытта қаламызда асық ату ойындарынан өзара сайыс ұйымдастыру да жоспарда болса керек.
Название:
Асық ату - ұлттық құндылық
Категория:
Разное