Салық төлеушінің кабинеті
Салық міндеттемелерін орындау және мемлекеттік кірістер органдарымен байланыс жасау үшін сіз «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасын пайдалана аласыз, оны компьютерде арнайы орнатудың қажеті жоқ, тек мына мекен-жай арқылы cabinet.salyk.kz өтесіз. Салық төлеушілер кабинеті әлемнің кез келген жерінен кез-келген уақытта мемлекеттік қызметтерді алуға және электрондық қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Жалғыз шарт - Интернетке қол жетімділік. Салық төлеушілер кабинетінде тіркелу арқылы сіз салық есептілігін ұсынуға, салық берешегін қарауға және төлеуге, салық есептілігін тапсыруға, хабарламаны қарауға, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының басқа қызметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік аласыз. Салық төлеушілер кабинетінің функционалдығы үнемі кеңейіп, жаңарып отыратындығын атап өтеміз.
Название:
Салық төлеушінің кабинеті
Категория:
Разное