ҮШ БАҚЫТЫМ | Мұқағали Мақатаев| қазақ поэзиясы| көркем сөз
#мұқағалимақатаев #қазақпоэзиясы #көркемсөз Құрметті көрермен, қазақ поэзиясына арналған каналымызға қош келдіңіздер! Алдағы уақытта қазақ ақындарының шығармашылығымен бөлісіп отыратын боламыз! Шығармашылық жолда өздерінің даңғыл жолын салып кеткен ақындарымыздың мұрасын келер ұрпаққа бірге насихаттап, бөлісе отырайық! Ең бірінші бақытым – Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. Ал екінші бақытым – Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей – кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім. Бақытым бар үшінші – Отан деген, Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. Түтін түтет, Өс, өрбі, көгере бер, Немерелер көбейсін, шөберелер. Жадыңда ұста : Жақсылық күтпегейсің! От емес, оқ сұрасаң менен егер! Үш бірдей бақытым бар алақанда, (Мені мұндай бақытты жаратар ма?!) Үш күн нұрын төгеді аспанымнан, Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!! #поэзия #мұқағали #ақын #өнер #шығармашылық #қазақшапоэзия #өлең #өлеңдер #қазақақындары #еңүздікпоэзия #үшбақытым #мақатаевөлеңдері #поэзия #мұқағали #мұқағалимақатаев #мұқағалиөлеңдері #көркемсөз #ақын #ақындаршығармашылығы #шығармашылық #көркемсөзөнері #ғашықпын #мұқағалиғашықпын
Название:
ҮШ БАҚЫТЫМ | Мұқағали Мақатаев| қазақ поэзиясы| көркем сөз
Категория:
Разное