🕌 🇰🇿 🌸🌹🌺🤘 Ділнұрқызы 🫖🍵 🥞 Бір шәугім шәй 🥞 🍵🫖 Іле Қазақ аймағы. Қытай🤘🌸🌹🌺 🇰🇿 🕌
Бір шәугім шай барма еді естеріңде, Қара шәугім қайнайтын пештеріңде. Қайран анам малынып қара терге, Таңертең, түс, құятын кештеріңде. Қайран анам малынып қара терге, Таңертең, түс, құятын кештеріңде. Қойдың қиы - отыны құрғақталған, Қара мұржа түтіні будақталған. Таң бозынан тұратын қайран анам, Бір шәугім шай құятын қаймақталған. Таң бозынан тұратын қайран анам, Бір шәугім шай құятын қаймақталған. Тезек теріп келуші-ек қыраттардан, Су әкеліп құятын бұлақтардан. Қара шәугім қалдың-ау қара қоста, Қанат қағып өзіңнен жырақтағам. Қара шәугім қалдың-ау қара қоста, Қанат қағып өзіңнен жырақтағам. Бір шәугім шай ішейік сыр ақтарып, Анамызды ешқашан жылатпайық. Келіп-кетіп тұрайық сағынышпен, Айлап емес ара күн бір апталық. Қара мешің құт болып тұра берсін. Тамған терін анамның құлатпайық.