Сания Өнерханқызы - Қойлы ауыл.
Мұқағали Мақатаев. Қойлы ауылда. Жел тұрып күзгі салқын таза ауадан. Түңлігін киіз үйдің мазалаған. Әкесі қой күзетіп, мылтық атса, Жас сәби үйде жатып мәз-ау оған. Жаз болса, жорға мініп жайтақтаған, Күз болса, қойшы жаны жәй таппаған. Отырған іркес-тіркес қойлы ауылдан. Қым-қиғаш үн шығады айтақтаған. Көрмедім қойшыдайын жан асылын (Тұрмысы еңбегіне жарасуын), Бір сәтте үйге еніп қымтап кетті, Көрпесін әйелі мен баласының.